«№6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
«Құрық ауылының №6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1965 жылы Ералиев поселкесінде №7 сегізжылдық мектебі болып ашылды.Мектептің ашылуы туралы нақты деректердің табылмауына байланысты 1965-1966 жж аралығындағы Гурьев облысының жалпыға бірдей балаларды оқыту туралы Заңын іске асыру шаралары бойынша Ералиев сегізжылдық мектебін ашу үшін мектеп ғимаратын тұрғызу туралы шешім «28 қаңтар 1965 жылғы еңбекші депутаттар Кеңесі» облыстық атқару комитетінде қабылданды. Мектеп директоры болып Айдаров Асылбек тағайындалды. Мектеп ғимараты бірқатарлы жатақхананың ішінде орналастырылып 320 оқушыны қамтыды, соның ішінде қазақ ауылдарының, Ескі Ералиев, станция Ералиев, Гидропартия, және Карьер елді мекендерінің балалары автобуспен қатынап оқыды. Сол жылдарда мектепте Өтегенов Аралбай, Жонабаев Ахмет, Нұрғалиев Жолды, Жұбанова Нұрбибі дәріс берді.
1973 жылы 21 наурыздағы Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ералиев ауданының құрылуына байланысты Өзен аудандық білім бөлімінің қарамағына беріліп, №6 орталау мектебі деп өзгертілді. 1973-1988 жж аралығында Гумаров Каким, Жайкиев Қуаныш, Уахитов Елтай, Нұрғалиев Жолды, Мамаева Жантөре, Бисембаев Еламан, Бишенов Аяпберген сияқты ел азаматтары мектеп басшысы қызметін атқарды. Мектеп 482 оқушыны қамтып, екі кезекте оқытылды. Осы жылдарда Салатова Лида, Өтегенов Аралбай, Бексариев Рысбай, Қапашева Мария, Смагулова Базаргүл, Смагулова Сәуле, Шалхарбекова Сәуле, Ақболатова Ақбалаш, Зияда апай, Тлеуова Құндыз, Байбосинова Клара, Иманғалиев Марат сынды майталман мамандар, ардагер ұстаздар жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етті.
1988 жылы 1 сәуірде Автобаза поселкесінде жаңадан салынған мектеп ғимаратында 4 оқу тоқсанын бастады. Мектеп директоры Бишенов Аяпберген. Мектепке Автобаза, Массив, Уәлиханов, Маметова, Жангелдин, Сәтбаев, Алиев, Советский, Авиатор, станция Ералиев, Абай көшелерінің оқушылары қосылып оқытылды. 1988-1989 оқу жылынан бастап аралас (қазақ-орыс) мектеп болып 820 оқушыны қамтыды, мектеп директоры Мүтәліп Шарипов болды.
1990-1991 оқу жылынан бастап қазақ мектебі болып өзгертілді. 1990-1997 жж мектеп директоры Айтжанов Хамза, орынбасарлары Иманғалиев Марат, Ерғалиев Аманғали, Байбосинова Клара болды.
Аудан мектептеріне дербестік беру туралы 29.01.1996 ж Қарақия ауданы әкімінің №605 шешімі және 30.05.1999 ж Қарақия аудандық білім бөлімінің №2 бұйрығы негізінде 20.01.1998 ж мемлекеттік тіркеуден өтіп ақпан айынан бастап, өз алдына дербестік алып, қазыналық болып есеп –шоты ашылды. 30.05.1999 жылы 1712-1943 ММ заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу куәлігімен «Құрық кентінің №6 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді. 1997-2003 оқу жылдарында мектеп директоры Сәтенова Жұмагүл болды.
2003-2009 жж аралығында мектеп директоры Бишенов Аяпберген қызмет етті.
2009-2018 жж аралығында мектеп директоры Құсаинова Зәуре болды.
2018- 2021 жж аралығында мектеп директоры Байбосинова Клара.
2021 жылы қаңтар айынан бастап аудан мектептері облыстық білім басқармасы қарауына өтті, мектеп атауы «Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша «№6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып өзгерді.
Мектебімізден шыққан танымал мектеп түлектері:
Мееров Ахмет
Қарақия ауданы мәслихат хатшысы
Сәрсекенова Айшагүл
Халық банкі филиалының басшысы
Утеев Ербол
Обл мемлекеттік кіріс департаментінің орынбасары
Тұрсынбеков Алпысбай
ҚР Бас көлік прокурорының 1 орынбасары
Утеев Шаттық
Коррупцияға қарсы Ұлттық бюроның орынбасары
Тұнықбаева Тәнибике
Жаңаөзен сотының концелярия меңгерушісі
Елемесов Бауыржан
Маңғыстау облыстық судьясы
Шатенов Оразбай
Қарақия ауданы №1 орта мектеп директоры
Абиханова Гүлбаршын
Қарақия ауданы №4 орта мектеп директоры
Кенжекеева Гүлдана
Қарақия ауданы мұрағат бөлімінің басшысы
Соңғы жаңалықтар

Сабақ бітуіне санаулы күндер қалсада мектебімізде сабақ процесі сабақ кестесі бойынша өтіп ж ...
29 мамыр 2023

Мектебіміздің директорының м.а. Дәметкен Аманқосқызы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қи ...
29 мамыр 2023
23.05.2023ж күні "Қарақия кәсіптік колледжінде" «Ұлттық идеологияның қайнар көздері» атты тақырыбынд ...
25 мамыр 2023
22.05.2023ж күні «Мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігі» тақырыбында онлайн форматта облыстық ә ...
23 мамыр 2023Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz